Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыҚазақстанда соңғы жылдары экологиялық туризмге деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Мәселен, 2022 жылы экотуристер саны 2 миллион адамға жетсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,8 миллионға көбейіп, 40%-ға өсті. Ал 2023 жылы экотуристер саны 2,4 миллион адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай статистикалық деректі Туризм және спорт министрлігі ұсынды.
Саяхатшылар арасында Алматы маңындағы ұлттық парктер, атап айтқанда, Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтынемел және Көлсай көлдері ең көп сұранысқа ие бағыттар саналады.
Бүгінде еліміздегі 14 ұлттық саябақ тұрақты туризм қағидаттарына сай инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Туристердің жайлы демалысы үшін визит-орталықтар, кемпингтер, глэмпингтер және өзге де нысандар салынуда.
Кейінгі жылдары тағы 8 заманауи визит-орталық пайдалануға берілді. Олар ақпараттық жүйелермен, бағыттар көрсетілген навигациямен және негізгі инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл орталықтар келушілерге табиғи экожүйе, жабайы жануарлар мекені, арнайы маршруттар мен қорғалатын аумақта жүру ережелері жөнінде ақпарат ұсынады.
Айта кетсек, экотуризмді дамыту – табиғи мұраны сақтауға, елдің туристік әлеуетін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосады.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?