22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБүгін stat.gov.kz сайтында (Ұлттық санақтар бөлімінде) ҚР халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша екінші тақырыптық жинақ жарық көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, «2021 жылғы халық санағының» қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті, яғни 13,4 млн адамды құрады. Сондай-ақ саны көп ұлттар қатарына орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам кірді.
Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124-ті құрады. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар. Бұл сауалнамада «ұлтты көрсетпеу» нұсқасын 24,8 мың адам таңдаған, ал «басқа ұлт» жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады.
Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%. Еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді. Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан.
Бұл санақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бөлінгенге дейін өткен болатын. Жаңадан құрылған облыстардағы халық саны санақ деректерін ескере отырып қайта есептеліп, stat.gov.kz сайтында жарияланған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев