6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКелесі оқу жылында соңғы қоңырау 25 мамырға қайта көшіріле ме? Бұл сұраққа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.
Бұл мәселе бойынша бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл жай ғана 25 мамыр деп күнін ауыстыра салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты дүние. Жағдайды бірден бұрынғы қалпына келтіру мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни 6 күндік оқу жоспарына алып келеді немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Білім саласындағы мұндай шешімді қабылдар алдында жіті сараптаудан өткізу арқылы жүргізіледі, - деп түсіндірді министр.
Елімізде былтырдан бастап оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзарған болатын. Ал жазғы демалыс 15 аптадан 13 аптаға дейін қысқарды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі