2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтың Лондонға қашан аттанатыны белгілі болды. Ол футбол сарапшысы Артур Асқарұлына берген сұхбатында алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны қашан өтетінін айтты.
«Қайрат» жейдесіндегі соңғы ойын
17 жастағы футболшы «Қайраттың» маусым айындағы ойындарының бірінде алматылық жанкүйерлермен қоштасады.
Жоспар бойынша соңғы матч 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын, – деді Сәтпаев.
Клубтың ойын кестесін қарасақ, олар 17 маусым күні «Қызылжармен» «Орталық стадионда» кездессе, 21 маусым күні Петропавлға қонаққа барады.
Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубына ауысуы туралы да пікір білдірді.
Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы – өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын, – деді Дастан Сәтпаев.
Ал «Қайрат» клубы жанкүйерлерді 13 маусым күні өтетін «Атырауға» қарсы ойынға да шақырды.
«Атырау» және «Қызылжар» командаларына қарсы өтетін өз алаңымыздағы матчтарға билет сатыла бастады. Біздің түлегіміз үшін бұл кездесулер лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» құрамындағы соңғы ойындар болмақ, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Қоштасу рәсімін ұйымдастырады
«Қызылжарға» қарсы матчтан кейін Орталық стадионда Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді. Сөйтіп, клуб түлегін еуроаренаға шығарып салады.
Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады. Сіздерді Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын тамашалап, түлегімізді құрметтеп шығарып салу, маусымның маңызды кезеңінде команданы қолдау үшін «Орталыққа» шақырамыз!, – деп жазылған хабарламада.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова