Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда қартаю индексі бір жыл ішінде 1,6 пунктке көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2022 жылы қартаю индексі 28,2-ні құраған, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 жылы). Бұл дегеніміз - 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9.
«Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында –11,7.
Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5», - деп жазды статистика бюросынан.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?