Соңғы бес жылда елімізде туберкулез ауруынан өлім-жітім 39,3 %-ға төмендеген

24 Наурыз 2023, 16:17 718

Бұл елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғандығын білдіреді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары елорданың эпидемиологиялық ахуалының жақсаруында көрінетін, туберкулезге қарсы бағдарламалардың іске асырылуының елеулі нәтижелері туралы айтты.

«Соңғы 5 жылдың ішінде Астана қаласы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 29,3 % және өлім-жітім 39,3 % төмендеді. Бұл туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғандығы туралы куәландырады», деді Гүлназ Досмырзаева.

Туберкулезге қарсы қызметтің табыстары, медициналық ұйымдармен қатар қаланың көптеген ведомстволары мен  құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты.

«Қазіргі уақытта Астанада қала халқының профилактикалық флюорографиялық тексерілуін өткізу үшін қаланың МСАК ведомствоаралық ұйымдарында 19 стационарлық және 12 жылжымалы флюорографиялық қондырғылар бар», деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Спикердің айтуынша елордада 4 аппарат бар. Олардың  үшеуі МСАК ұйымдарында (4, 5, 7 емханаларда) және біреуі қалалық фтизопульмонологиялық орталығында орналасқан. Бұл зерттеу 2 сағаттың ішінде патогеннің болуын анықтап қана қоймай, дәрілік сәзімталдықтың болуын анықтап, емдеудің тиімді схемасын тағайындай алады.

Осыған дейін өткен жылы  452 адам туберкулез жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: