Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың мәлімдеуінше, соңғы екі онжылдықта темекі шегудің жаһандық деңгейі 30%-ға төмендеген. Бұл туралы ол Женевада өткен ДДСҰ-ның 78-сессиясында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жетістік ДДСҰ-ның 20 жыл бұрын қабылдаған Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының нәтижесінде мүмкін болды.
Темекіге қарсы күрес туралы ДДСҰ-ның Негіздемелік конвенциясы күшіне енгеніне 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында әлем бойынша темекі шегу көрсеткіші үштен бірге азайды, — деді Тедрос Аданом Гебрейесус.
Бас директордың айтуынша, темекі өнімдері адам денсаулығына төнетін ең басты қауіптердің бірі болып қала береді. Шылым шегетін адамдардың жартысы денсаулығы нашарлап, көз жұмады.
Жыл сайын темекі шегудің салдарынан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады, оның ішінде 1,2 миллионы — пассивті шылым шегушілер.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?