Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, өңірде ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай сырқаттанушылықтың маусымдық өсуімен сипатталады. Эпидемиологиялық маусым басталған 1 қазаннан бері ауырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Өңірде В типті тұмаудың зертханалық расталған 244 жағдайы тіркелді. 8 адам «шошқа» тұмауын жұқтырса, жақында «гонконг» типті атанған тұмаудың 3 жағдайы анықталды.
«Симптомдары да, емдеу жолдары да бірдей. Бұрындары тұмау қаңтар-ақпан айларында, яғни Жаңа жылдан кейін тіркелетін. Биыл ерте басталды. Отбасымен ауырып жатқандар бар. Өйткені, тұмау болсын, жедел-респираторлық вирустық инфекция болсын ауа тамшылары арқылы, тұрмыстық затпен таралады. Сондықтан, бір бөлмеде, бір пәтерде тұрғандықтан жұқтырмау мүмкін емес», - дейді Әсет Жұматаев.
Ауырғандардың 49-ы жүкті әйел болса, 78-і бала, соның ішінде 44 оқушы және 8 балабақша тәрбиеленушісі бар. Тұмауды жұқтырғандардың жартысына жуығы – Петропавл тұрғындары.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?