Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыСу ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңадан салынатын және қайта жаңғыртылатын су құбырларының жалпы ұзындығы 910 шақырымды құрамақ. Бұл жұмыстар 251 елді мекенді сумен қамтамасыз ету сапасын арттырып, 340 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етеді.
Бағдарлама аясында Соколов, Көкшетау, Булаев, Есіл, Преснов топтық су құбырларын қайта жаңарту мен жаңадан салуды қамтитын он ірі жоба іске асырылады. Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысында сенімді су жүйесін құруға және ауыз судың сапасын арттыруға бағытталып отыр, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?