Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕкі жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 21 сүт-тауар фермасы салынды, деп хабарлайды El.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Вице-министр Жеңіс Өсербайдың айтуынша, 2021 жылы СҚО әкімдігіне ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен кредит беру үшін «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын толықтыруға 15 млрд теңге бөлінген. Пилоттық жоба өңірде 17 жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік берді, оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, жылыжай кешендері және майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорндары бар.
ӘКК 2022 жылы 23 инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін тағы 20 млрд теңге алды: сүт-тауар фермалары, қой, құс, шошқа өсіру, майлы дақылдарды өңдеу, көкөністер мен картоп өсіру үшін су алу және беру инфрақұрылымын дамыту көзделді.
Екі жыл ішінде СҚО бойынша 21 сүт-тауар фермасы салынды, ал 2020 жылға дейін еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 сүт-тауар фермасы салынып келген болатын. Соның арқасында еліміз бойынша 584 мың тонна сүт немесе барлық сүттің 10,5%-ын Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді, - деді вице-министр.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО тәжірибесін еліміздің басқа өңірлерінде енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ішкі нарықты сүт өнімдерімен, құс етімен, маусымдық көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге негізгі борышты өтеу бойынша 24 ай жеңілдікті кезеңмен 2,5% сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға дейінгі мерзімге қарыз беру жоспарланып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?