23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары алкогольді тұтынудан және сатудан толығымен бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік прокуратураның үйлестіруімен, жергілікті атқарушы органмен және аудандық полиция органдарымен бірлесе отырып «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жамбыл және Шағырсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі қадам жасалды – тұрғындар алкогольді тұтынудан және сатудан толығымен бас тартты.
Екі ауылдағы жиындарда барлық қатысушылар салауатты өмір салтына көшу туралы бастаманы бір ауыздан қолдады. Жергілікті дүкендер өз кезегінде ауыл тұрғындарының шешіміне жауап берді – кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін ассортименттен өз еркімен алып тастап, оны әкелуді тоқтатты.
Бұл қадам прокуратура органдарының, жергілікті билік органдарының және белсенді тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болды, бұл жергілікті қоғамдастықтың құқықтық тәртіпті нығайтуға және өмір сапасын жақсартуға қосқан үлесін көрсетті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік