Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСолтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факті «Зорлау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Көп ұзамай полиция қызметкерлері Булаев қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.
«Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, істің мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді