Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚаржы министрі Мәди Такиев Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, ведомство басшысы өңірдегі негізгі жобалардың іске асыру барысын бағамдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесуде инженерлік желілерді салу бойынша мердігерлік ұйымдар басшыларының есептері тыңдалды. Отандық және шетелдік инвесторлар АЭА-да жаңа өндірістер салу барысы туралы айтып берді.
Қазір 3-субаймақта нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандары зауыты, сол секілді саңырауқұлақ фермасы мен компост дайындайтын зауыт салынып жатыр. Айта кету керек, жаңа өндірістерді іске қосу үшінинженерлік инфрақұрылымның болуы маңызды.
Тұтастай алғанда, 3-субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарта отырып, жалпы сомасы 105 млрд теңгеге 16 перспективалы инвестициялықжобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалар арқылы 1,7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделген.
Бұдан бөлек министр YDA Group компаниясы салып жатқан көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс барысымен танысты. Бұл халықаралық стандарттарға сай келетін өңірдегі бірінші жоғары деңгейлі аурухана болады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова