Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАйдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты.
Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Анбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А. Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Р. Анбаевты таңдады.
Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.
Бұған дейін 2019 жылдың наурызынан бастап Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар