23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Солтүстік Корея шетелдік спортшыларға Пхеньян халықаралық марафонына қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл марафонға шетелдіктер 2019 жылдан бері алғаш рет қатысып отыр. Осылайша, Қытай мен Румыния сынды елдерден келген 200-ге жуық шетелдік атлет жергілікті қатысушылармен бірге Солтүстік Корея астанасының көшелерімен жүгіріп өтті.
Айта кетерлігі, 2019 жылы бұл марафонға шамамен 950 шетелдік жүгіруші қатысқан.
Марафон КХДР негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күніне (1912 жылдың 15 сәуірінде дүниеге келген) орайластырылған ұлттық мереке қарсаңында өтті. Ким Ир Сен — қазіргі ел басшысы Ким Чен Ынның атасы.
Жарыс Ким Ир Сен атындағы стадионнан басталды, мұнда қатысушыларды жергілікті тұрғындар құшақ жая қарсы алды. Кейін спортшылар белгіленген бағдармен жүгіріп өтіп, марафон 50 мың адамдық аудитория алдында мәреге жетті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік