Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Алдағы демалыс күндері елордада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өз өнімдерін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері ұсынады. Жалпы, өңірлер 1200 тоннаға жуық өнім әкеледі, деп хабарлады El.kz.
Аталған өңірлердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнімдерді ұсынбақ. Жәрмеңкеге 130-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Ассортимент 1200 тоннадан астам өнімді құрайды.
Олардың ішінде: картоп пен көкөністер - 741 тонна, еттің барлық түрі және шұжық өнімдері – 208 тонна, сүт өнімдері – 45 тонна, балық – 20 тонна, бал – 26 тонна, ұн мен макарон өнімдері – 148 тонна, жұмыртқа – 125 мың дана, сондай-ақ осы өңірлерде өндірілетін өзге де өнімдер.
Барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады, сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.
Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20% төмен болады.
Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 30 қазанға дейін өтеді. Өтетін орны: Тұран 48 мекенжайындағы "Астана-Арена" стадионының жанындағы алаң. Келесі болып өз өнімдерін Павлодар облысының кәсіпкерлері ұсынады – 15-16 қазан.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік