6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова үшінші орын үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Ресейдің тәжірибелі дзюдошысы Аюб Блиевке голден скорде вазаримен ұтылды. Енді Елдос бірден қола медаль үшін белдесуге шығады. Оның жұбаныш белдесуінде қарсыласы татамиге шықпайтын болғандықтан, отандасымыз бірден жеңімпаз атанып отыр. Қола медаль үшін Сметов Грузия мен Жапония балуандыры жұбының жеңімазымен күреседі.
Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері іріктеу кезеңінде Вьетнам, Оңтүстік Корея, Бразилия балуандарын ұтты. айналымда 19 жастағы Мичел Аугустоның (Бразилия) қателігін кешірмей, 2 минутта таза ұтқан болатын.
Ал 48 келіде Абиба Әбужақынова жартылай финалда Моңғолия балуанынан ұтылып, қола жүлде үшін белдесуде түрік балуаны Тугче бедермен белдеседі.
Сондай-ақ, Ғалия Тынбаева мен Нұрқанат Серікбаев жарысты ерте аяқтады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі