Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыСмартфон немесе планшетке күніне екі сағаттан артық үңілу жасөспірімдерде мазасыздықтың даму қаупін екі есе, ал депрессияның даму ықтималдығын төрт есе арттырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Daily Mail Канададағы нейроғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап мәлімдеді.
9 айлық зерттеу нәтижелері алаңдатарлық
Канада ғалымдары 12–17 жас аралығындағы ұл-қыздар арасында жүргізген тоғыз айлық зерттеу нәтижесінде, экран алдында ұзақ уақыт өткізу олардың психикалық денсаулығына кері әсер ететінін анықтады.
Нәтижелер:
Ғалымдар да нәтижеге таң қалды
Канада денсаулық сақтау институтының нейробілім жөніндегі доценті Эмма Дьюрден бұл нәтижелердің күтпеген және алаңдатарлық екенін атап өтті:
Бұл мәліметтер бізді таңғалдырды. Біз бұндай жоғары көрсеткіштерді күтпеген едік. COVID-19 індетіне дейін жасөспірімдер арасындағы мазасыздық деңгейі 8–15% шамасында болатын. Қазір біз әр екінші жасөспірімнің мазасыздық пен депрессия белгілерін байқайтынын көріп отырмыз, — дейді ол.
Оқи отырыңыздар:
Смартфонға тәуелділік және думскроллингтің зияны
Бұған дейін психологтар «думскроллинг» (жағымсыз жаңалықтарды үнемі оқи беру) әдетінің де психикалық және физикалық денсаулыққа зиянды екенін айтқан. Ол депрессия, жүрек аурулары және ас қорыту жолдарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады