13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасында өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады, деп хабарлайды El.kz Kaspi.kz басшысына сілтеме жасап.
Егер сайлау учаскесі жоқ болса, байланыс орталығының телефон нөмірі автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
«Жақында біз қазақстандықтарға референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тікелей смартфоннан білуге мүмкіндік беретін «Референдум» қызметін іске қостық. 5 маусымда бәріміздің болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құруға дауыс беретін бірегей мүмкіндігіміз бар! Біз Kaspi.kz командасы мемлекетке түрлі қызметтерді әрбір азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз»,- деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.
Айта кетсек, сервис Орталық референдум комиссиясы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен іске қосылды. Қазіргі кезде Kaspi.kz қосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды