22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, Skills Enbek платформасында «Әлеуметтік» қосымшасы құрылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтарға кейбір ақылы курстар бойынша тегін негізде оқуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, оқытуды бастау үшін азаматтарға «Әлеуметтік» қосымшасындағы курсты таңдау кезінде ЭЦҚ арқылы олардың мәртебесінің сәйкестігін растау қажет. Тексеруден сәтті өткеннен кейін курс пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қазіргі уақытта жаңа бөлімде киіз басу және тігу сияқты қолданбалы мамандықтар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру дағдылары бойынша сурдо аудармасы бар бірнеше курстар бар. Бұл курстарды USAID қолдауымен «Инклюзивті қолөнер» жобасы аясында «Qolqanat Foundation» қоғамдық қоры әзірледі, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те әртүрлі бағыттар бойынша 600-ден астам курстар орналастырылды, олардың жартысы тегін қол жетімді. Платформа қазірдің өзінде 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыларды тартты, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев