23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘскери қызметшілер жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтануы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов айтты.
Оның айтуынша, заң жобасы арқылы 18 заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
«Облыстар, Алматы мен Астана қалалары әкімдіктері жанындағы аумақтық қорғаныс басқармаларын аумақтық әскерлер басқармасына өзгерту арқылы оларға әскери бөлімшелер мәртебесін береміз. Оларды Қарулы күштердің құрамына қоса отырып, аумақтық қорғанысты елдің жалпы қорғаныс жүйесіне интеграциялауға қатысты өзгерістер енгіземіз», - деді Сәкен Жасұзақов.
Қорғаныс министрі жаңа заңда Әскери қызметшілерді мемлекет тарапынан тамақтандыру нормасы қарастырылғанын атап өтті.
«Заң жобасында ұдайы жауынгерлік әзірлік бөлімдеріндегі офицерлік, қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілерді жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтандыруға мүмкіндік беретін норма енгізіліп отыр», - деп түйіндеді министр.
Baq.kz
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады