Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыӘскерге шақыру науқаны барысында Қарулы күштердің Әскери полиция бас басқармасы еліміздің барлық өңірлерінде құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру сипатында бірқатар шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
Бұл ретте жергілікті әскери басқару органдары ерекше назарға алынды. Себебі дәл осы кезеңде олар халықпен кеңінен жұмыс істейді және қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа жол беруі де мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер бастықтарының, шақыру және медициналық комиссиялар төрағаларының оқу-жаттығу жиыны өтті. Әскери полиция өкілдері жиын кезінде заң талаптарын және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.
Бұндай жұмыстар Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де өткізілді. Нұсқаулық-әдістемелік жиын аясында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери-патриоттық және ақпараттық-имидждік жұмысты күшейту мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің, әскери прокуратураның, әскери-тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың өкілдері қатысқан іс-шарада кеңеске қатысушыларға заңнама талаптары мен Қарулы күштердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары жеткізілді.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?