Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікБұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«2022 жылдың басында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ә. С. Қалбай қайтыс болды. Бұл ретте, жеке құрамды жеткіліксіз бақылау және 30212 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жұмыстағы олқылықтар фактісі бойынша Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 30212 әскери бөлімінің командирі және осы бөлімнің оқу ротасының командирі лауазымынан шеттетілді», - деген жауап берілді министрліктен.
Одан бөлек, сарбаз өліміне байланысты аталған әскери бөлімнің тағы 3 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты тергеу шарасының жалғасып жатқанын хабарлады.
«30212 әскери бөлімінің кадр құрамының сапасын арттыру мақсатында қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен лауазымды тұлғаларға қатысты ұйымдастыру-кадр сипатындағы шараларды іске асыра отырып, 1 ай мерзімде офицерлік және сержанттық құрамды аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылданды. Аттестаттаудан кейін босаған лауазымды орындарға кадр жинау үшін іріктеу жүреді», - дейді министрліктен.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді