Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Өскемендегі «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанынан «Толеранттылық мектебі» жұмыс істей бастады.
«Мәдениетаралық төзімділік кеңістігін қалыптастыру және жастар арасындағы диалогты дамыту» жобасы аясында жұмыс жүргізетін мектеп, бұл жолы «Қазақстандық қоғамның ашық санасын қалыптастыру процесіндегі жастардың орны» атты тақырыпта әңгіме өрбітіп, арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Білікті лекторлар мен сарапшылар жиған терген білімдері, тәжірибелерімен бөлісті.
«Бұл жобаның идеясы - студенттермен, оның ішінде шетелдік жастармен қарым-қатынас орнатуға және ынтымақтастық орнатуға үйрену. Бұл мектеп емес, ең алдымен әртүрлі маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сұхбат алаңы», - дейді ШҚО ҚХА ҒСТ төрайымы Нелли Краснобаев.
Жастар семинар-тренинг барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен толығырақ танысып, тақырыпқа сай «ашық сана» ұғымын егжей-тегжей зерттеп, білімдерін кеңейтті.
Сонымен қоса олар мемлекеттік маңызды тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастырып, түрлі салалардағы модернизация туралы ұсыныстарын ортаға салды. Өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында жеке жоба жасау тапсырылып, жастар еңбектерін қорғады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды