13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӨскемен қаласында қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 маусымда қатты желдің салдарынан шаһар бойынша коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлады. Тротуарлар мен қала көшелерін ағаштар, үлкен бұтақтар жауып қалды.
Сондай-ақ желден трамвайлар 3 бағытта уақытша қатынамады. Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.
«Барлық жерге «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны «ҚазӘлем» атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі», - делінген ақпаратта.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды