Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікӨскемен қаласында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінен секірмек болған 23 жастағы жігіт құтқарылды, деп хабарлайды El.kz.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 шілде күні түнгі уақытта 112 қызметіне қоңырау шалған азамат Спорт сарайының маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің шатырына шығып алған белгісіз біреудің суицид жасауға оқталғаны туралы айтты.
Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті.
– Өткелге шыққан олар 23 жастағы жігіттің қасына таяп, әңгімеге тарта бастады. Алайда ер адам ашуға булығып, айқайға басып, төменге секіретіндігін айтып қорқытқан. Ұрымтал сәтті пайдаланған ТЖД қызметкерлері оның үстіне сақтандыру арқанын байлап үлгереді. Содан кейін жігіт баспалдақпен төмен түсірілді, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді