23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Өскемен қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды EL.KZ ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметіне қарағанда, 101 қызметіне Потанин көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Белгілі болғандай, пәтерлердің біріндегі балконда қоқыс жанған. Көп ұзамай жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Отпен күреске барлығы жеке құрамнан 24 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік