23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Өскеменнің Достық үйінде ІІ казак мәдениетінің «На Николу зимнего» атты фестивалі өтті.
Фестивальді славян мәдениеті қоғамы мен «Иртышский форпост» казактар қауымдастығы және облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырды.
Концертте «Сполох» казак ән-би ансамблі (Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі), «Товарки», «Русская песня», «Барвинок», «Поречье» (Павлодар қ.), «Истоки», «Весняночка», «Ладушки», «Братцы», «Вдохновение», «Казаки Прииртышья» (Семей қ.), «Свиточ» ансамбілдері, «Арабеск», «Хай-тек» хореографиялық ансамбілдері және казак частушкаларын орындаушы жас әртіс Георгий Бочаров өнер көрсетті.
Фестивальде казактардың «Постриг» және «Проводы на службу» салт-дәстүрлерінен үзінділер көрсетілді.
Айта кетейік, бір жыл бұрын фестиваль «На Николу зимнего» атты атауға ие болды. Себебі, бұл күндері сібір казактары өздерінің әскери мерекелерін атап өтеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік