Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер30 қаңтар күні Өскемендегі Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Жастар жылының ашылуына байланысты Шығыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабы жастармен кездесу өткізді.
ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының төрағасы Равиль Юнусов шараға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, замандастарына жыл көлемінде атқарылар жұмыстардың көп екендігін айта келе, тың бастамаларды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Шара барысында жастарға патриоттық тәрбие беру, еріктілік, заманауи жан-жақтылық туралы кеңінен ақпарат беріліп, бейне-роликтер көрсетілді.
Кездесу соңында Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалымен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде алдағы уақытта біршама бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі