Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында республикалық деңгейдегі беларусь мәдениетіне арналған «Ад мінулага да сучаснага» атты фестиваль өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар лық толған залды би билеп, ән мен жырға бөледі.
Фестивальге жиналған жұрт назарына беларусь халқының салт-дәстүрінен сыр шертер қолөнер бұйымдары мен балалардың көркем суреттері қойылған көрме ұсынылды.
Қонақжай беларустар мерекелік бағдарламаны бастамас бұрын көрермендерге дәстүр бойынша нан мен тұздан дәм ұсынды.
Кейін түрлі тарихи кезеңдерді бейнелейтін беларусь халқының басынан кешкен тарихи жолы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі баяндалды.
Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған беларусь этносы ұлттық, патриоттық әндер шырқап, көңілді билерін билеп, көрермендер ықыласына бөленді.
Көп жылдар бойы фестивальге қатысып жүрген Павлодар қаласынан келген өнерпаздар Өскемен қаласының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығымен» тығыз байланыс орнатып үлгерді. Биыл да аталған шараға үлкен дайындықпен келіп, жарқын да әсерлі музыкалық бағдарламасын ұсынды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды