6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМохаммед әл-Башир Сирияның премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы болып үш ай мерзімге, яғни 2025 жылғы 1 наурызға дейін тағайындалды. Бұл туралы саясаткер өзі сейсенбі күні телеарнада мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мухаммед әл-Башир Қазақстанда тыйым салынған, Дамаск қаласын басып алған «Хайят Тахрир аш-Шам» тобымен тығыз байланысты. Бұған дейін ол Идлибте орналасқан Құтқару үкіметін басқарған болатын.
Министрлер кабинетінің отырысы өтті, оған Идлиб және оның айналасындағы аймақтарда жұмыс істеген Сирияның Құтқару үкіметінің жұмыс тобы, сондай-ақ бұрынғы режимнің Сирия үкіметі қатысты. Отырыстың басты назары институттарды тапсыруға және маңызды істерді басқаруға аударылды, — деп мәлімдеді әл-Башир өз үндеуінде.
Құтқару үкіметінің ресми сайтында жарияланған түйіндемесіне сәйкес, оның мамандығы - инженер, ағылшын тілі және шариғат заңдары саласында қосымша біліктілігі бар.
Айта кетейік, Сирия президенті Башар Асад елдегі азаматтық соғыстан соң Ресей астанасын паналаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі