6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСирияның қаржы министрі Мохаммед Абазид Сирияның уақытша үкіметі ақпан айынан бастап «көптеген мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысын 400%-ға көтеруді» жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Arab news басылымының мәліметі бойынша, мұндай шешім 13 жылға созылған қақтығыстар мен санкциялардан кейін экономиканы тұрақтандыру шаралары аясында қабылданды.
Саясаткердің айтуынша, Башар Асадтың президенттігі кезінде Сирияның мемлекеттік сектордағы қызметкерлерінің жалақысы айына шамамен 25 долларды құраған, бұл оларды ел халқының басым бөлігі сияқты кедейлік шегіне жіберді.
Порталдың мәліметтері бойынша, жалақыны көтеру Сирия бюджетіне 125 миллион доллар (немесе 1,65 трлн Сирия фунты) шығын әкеледі. Қаражат негізінен аймақтық көмек, жаңа инвестициялар, шетелдегі мемлекеттік активтерді қайтару әрекеттері (олардың жиынтық көлемі 400 миллион долларға дейін), сондай-ақ Дамасктің бақылауында қалған ресурстар есебінен алынады.
Сирияда барлығы 1,3 миллионға жуық шенеунік бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі