11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекДамаск соты өткен жылдың желтоқсанында биліктен құлатылған Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа қамауға алу туралы ордер шығарды, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Айыптаулар 2011 жылы Дераа провинциясындағы үкіметке қарсы наразылықтарды күшпен басуға байланысты. Дәл осы наразылықтар қанды қақтығыстың басталуына түрткі болып, кейін өзге елдерді, соның ішінде Ресейді де қамтыған ауқымды соғысқа ұласты. Өткен жылдың желтоқсанында көтерілісшілер билікке келгеннен кейін Асад отбасымен Ресейге қашып барып, онда оған баспана берілген.
Сирияның Sana ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сотқа Дераадағы наразылықтарды күшпен басу кезінде қаза тапқандардың туыстары арызданған. Асадқа әдейі кісі өлтіру, азаптау, заңсыз қамауға алу баптары бойынша айып тағылып отыр.
Сирияның Жоғарғы соты атап өткендей, Сирия соты шығарған қамауға алу ордері Башар Асадты Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялау мүмкіндігін береді.
Дераадағы наразылықтар 2011 жылдың наурызында басталған. Сәуірдің соңында оларды басу үшін қалаға армия бөлімдері мен бронетехника кіргізілген. Ол кезде елдің қауіпсіздік күштері наразылықты тоқтату үшін демонстранттарға оқ атқан. Белсенділердің айтуынша, алғашқы бір жарым айдың ішінде Дераада жүздеген адам қаза тапқан.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес