30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСиноптиктердің болжамынша, маусымда Қазақстанда күн ыстық болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Қазгидромет» мамандарымен өткен брифингте мәлім болды. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормаға сәйкес болады. Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде және Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз түседі.
Мамандар Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25°С және 30-38°С аралығында, оңтүстік пен оңтүстік-батыста 25-30°С пен 35-39°С аралығында болады деп болжап отыр.
Құрғақшылық Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақиян аудандары, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы, Қарағанды облысының Шет ауданында болады деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында, Павлодар облысының Успен ауданында және Павлодар қаласында қалыпты ылғалдылық болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды