Синоптиктер ескертеді: 13 тамызда кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болады

Синоптиктер ескертеді: 13 тамызда кей өңірлерде бұршақ пен дауыл болады

Ажар Лаубаева
Фото: El.kz архиві

13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Қазгидромет мәліметінше, елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік циклон елдің батысынан шығысына қарай жылжып, жаңбыр мен екпінді жел алып келеді. Жекелеген өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ал оңтүстікте ыстық әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай?

Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +29...+31 градус.

Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +34...+36 градус. Іле Алатауының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +38...+40 градус.

Оңтүстікте ыстық күшейеді

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз +38...+43 градус, таулы аудандарда +34 градус болады. Түркістан қаласында +41...+43 градус аптап күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз +37...+42 градус. Қызылорда қаласында +37...+39 градус болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +37...+42 градус. Таразда +38...+40 градус аптап ыстық болады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +33...+38 градус, облыстың солтүстігінде +41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Қонаевта +36...+38 градус күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні облыстың шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +34...+39 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында +41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Талдықорғанда +37...+39 градус.

Батыста жаңбыр, бұршақ және дауыл

Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, облыстың солтүстігінде нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +25...+30, облыстың оңтүстігінде +35 градус болады. Оралда күндіз +26...+28 градус.

Атырау облысының батысында, солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде 15-18 м/с болады. Күндіз +32...+37 градус аптап күтіледі. Атырауда +34...+36 градус.

Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+40 градус аптап, облыстың батысында +30 градус болады. Ақтауда +30...+32 градус.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +31...+36 градус. Ақтөбеде +31...+33 градус болады.

Солтүстік пен орталықта күн ашық болады

Ақмола облысында жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы күндіз +27...+32 градус, оңтүстігі мен шығысында +35 градус болады. Көкшетауда +27...+29 градус.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+15, облыстың оңтүстігінде +18 градус, күндіз +27...+32 градус болады. Қостанайда күндіз +29...+31 градус.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз +25...+30 градус. Петропавлда +25...+27 градус болады.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +28...+33 градус. Павлодарда +29...+31 градус.

Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні түнде облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз +31...+36 градус, облыстың оңтүстігінде +40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Қарағанды қаласында +31...+33 градус.

Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз +31...+36 градус, облыстың оңтүстігінде +40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Жезқазғанда +32...+34 градус күтіледі.

Шығыста бұршақ жаууы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +32...+37 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында +28 градус болады. Өскеменде +32...+34 градус күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +32...+37 градус, оңтүстігінде +40 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Семейде +32...+34 градус күтіледі.

Оқи отырыңыз

{