Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты 30 наурызда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Астана қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде -3-5 дейін түсіп, күндіз 1-3 жылы болады.
Акмола облысында ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 дейін, өңірдің солтүстігінде -11 градусқа дейін суиды. Күндіз -2 аяз, +3 жылы болады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы күрт төмендейді: түнде 3-8 градус аязға дейін, күндіз 1-6 жылыға дейін.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде күші 23 м/с жетуі ықтимал.
ТүндеАқтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек