23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСиноптиктер Қазақстанның 10 өңірінде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын болады.
Абай облысында Семей, Риддер қалаларында және ШҚО-да Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертілді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстаноблысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде және Петропавл қаласында тұман түседі.
Маңғыстау облысыныңбасым бөлігінде жауын-шашын(қар, жаңбыр) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.
Ақтау қаласында 29 желтоқсанда түнде көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында түнде тұман түседі.
Қостанай облысыныңбасым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады