13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«Қазгидромет» РМК 9 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күші 23-28 м/с артады.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады.
Астанада батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші түнде батыста, оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде, 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігі мен солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды