29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары9-11 мамыр аралығында Мадрид қаласында (Испания) ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Испанияның патшайымы Летицияның қамқорлығымен ұйымдастырылған жыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, аталған саммит – мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдардың әйелдер мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған алаң.
Іс-шара барысында әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әйел көшбасшылары әзірлеген шешімдері мен стратегиялармен бөлісу арқылы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау жоспарлануда, - дейді Смадияров.
Сапар аясында Н.Нұрбаева «Әйелдер: болашақ экономикасын жандандыру» тақырыбындағы министрлер деңгейіндегі дөңгелек үстелге қатысып, Қазақстанның гендерлік саясаттағы елеулі жетістіктерін және Қазақстан Үкіметінің, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының және қазақстандық әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш-жігері туралы ақпаратты ұсынады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек