Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбат барысында ағымдағы жылы жоспарланған жоғарғы және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.
Ә.Бақаев сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты дамытудың және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын арттырудың маңызды рөлін атап өтілді.
Өз кезегінде, Қытай елшісі көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Ол Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында тығыз әрекеттесуді жалғастыратынын хабарлады.
Кездесудің соңында сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар