Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан төрағалығының бірінші жылының қорытындыларын, Атқарушы комитетінің жұмысын, сондай-ақ ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Арал теңізі бассейні елдерінің өңірлік дамуының су шаруашылығы, су-энергетикалық және экологиялық аспектілерін реттеудегі қордың маңызды рөлі аталып өтті.
Тараптар 2023 жылғы қыркүйекте Душанбеде өткен ХАҚҚ саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қойған міндеттер мен тапсырмаларды шешу, ұйымды жетілдіру процесін тез арада аяқтауға жәрдемдесу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды жалғастыруға, сондай-ақ белсенді өзара іс-қимыл жасауға келісті, - делінген мәліметте.
Атқарушы комитетінің төрағасы өз кезегінде Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын ілгерілету, өңірлік экологиялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ХАҚҚ-тың халықаралық байланыстарын кеңейту барысы туралы хабардар етті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары