20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді, дееп хабарлайды El.kz интернет порталы.
СІМ мәліметінше, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті, ол саяси диалогтың тұрақты нығаюымен және жан-жақты өзара іс-қимылдың кеңеюімен сипатталады.
ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен өзара құрмет, сенім және мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген одақтастық қатынастарды тереңдетуге берік бейілді. Біз ұзақ мерзімді серіктестікті құруда осы мақсаттарды басшылыққа аламыз, – деді М.Нұртілеу.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын жан-жақты талқылады, сондай-ақ парламентаралық, үкіметаралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарына және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысын өткізуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективалары жеке қаралды. Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына тұрақты түрде кіреді.
Мемлекет басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында министрлер экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?