Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлемдегі ең танымал балет Астанада 29 қыркүйектен 3 қазанға дейін көрерменге жол тартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арман мен шындықтың бір арнаға сыймайтынын көрсеткен қойылымда басты партияны орындайтын Мәдина Өнербаева Сильфиданың ауа аруы екенін көрсетуге тырысқанын айтады.
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
Сильфида – романтизм дәуірінің туындысы. Ол шынайы өмірде бар кейіпкер емес, ауа перизаты, оны қолмен ұстау мүмкін емес. Біз осыны көрерменге жеткізуге тырыстық. Кейіпкердің мөлдірлігін, жеңілдігін, тазалығын көрерменге жеткізуіміз керек болды. Көріп отырған жан ғажайыптан туған кейіпкер екеніне сенуі қажет. Бұл жердегі би ырғағы басқа балеттерден өзгеше. Секірулердің өзі басқа балеттерге ұқсамайды. Секіргенде ұшып жүрген сияқты әсер қалдыруымыз керек болды. Қойылған би емес, өздігінен, аяқ астынан болған сияқты етіп жасауға тырыстық. Осы кейіпкер арқылы өзімді балет бишісі ретінде басқа қырымнан аштым. Ішкі жан дүниеме үңілдім, - деді ол.
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
©El.kz/Бақытжан ОТАРБАЕВА
«Астана Опера» театры балет труппасының жетекшісі Алтынай Асылмұратова «Сильфида» балетінің осы паң өнер саласындағы орны орасан екенін айтты.
Бұл балеттің тарихы ерекше. Өйткені «Сильфида» поп-романтизмнің бастауы болды. Дәл осы балетте бәрі бірінші рет қойылды. Стилі бойынша басқа балеттерден бөлек әлем. Қимыл-қозғалыс элементтері өзгеше. Көбіне аяқ қимылдары. Сондықтан әртістерімізге оңайға соқпады. Барлығын мінсіз еттік дей алмаймын, бірақ біз оған ұмыталамыз, - деді ол.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары