23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жамбыл облысында Сібір жарасымен ауырған малдың еті сатылымға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпкер сиырды сойып, оның етін Қаратау қаласындағы ірі сауда орталығына өткізген. Сөредегі еттің үш келісін сатып алған студент ауруханадан бір-ақ шықты. Етті әкелген азамат ірі қараның «жаңа сойылғанын» айтқан. Ал саудагерлер сиырдың құлағындағы сырғасына қарап 120 келісін алыпты. Салдарынан 22 жастағы студент ұшынып аудандық ауруханаға түскен. Талас ауданындағы ветеринария мамандары сатылымдағы еттің қалған бөлігін толық тәркілеген.
Кез-келген малды сойған кезде ветеринардың анықтамасы болу керек, ветеринарға бару керек. Бұлар өз шарбағында сойған. Ветеринарға ескертпеген. Науқас терілік формасымен ауырып отыр ғой. Қазіргі таңда ол толығымен жазылып, ем алып шықты, - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Күмісбек Рахимов.
Кәсіпкер малды базардан алып, өзі сойғанын айтыпты. Ауру екен білмедім дейді. Саудагер сотта өз кінәсін толық мойындады. Оған әкімшілік жаза тағайындалып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Айта кетейік, аймақта Сібір жарасының 189 топырақтық ошағы бар. Өткен жылы қауіпті дертті 19 адам жұқтырған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік