Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСиань қаласында «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сунь Вэйдун және ҚХР-дағы Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр өз сөзінде өткен жылы «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының бірінші саммиті өткенін, оның барысында «Сиань декларациясына» қол қойылғанын, сондай-ақ хатшылық құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті. Орталық Азия елдері мен Қытайдың тарихи қарым-қатынастарын ескере отырып, Хатшылықтың штаб-пәтері орналасатын жері ретінде Сиань қаласы таңдалды.
Қазақстандық дипломат хатшылықты құру тығыз өзара іс-қимылдың жаңа бағыты болғанын және өңірлік саясаттың маңызды факторына айналатынын атап өтті.
Сөз соңында Әлібек Бақаев ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға іс-шараның ашылу салтанатына қатысқаны үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары