Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайШЫҰ технологиялар трансферті орталығына ғылым қорының ғылыми жобалары таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШЫҰ технологиялар трансферті орталығына ғылым мен бизнесті интеграциялау, инвестициялар тарту шеңберінде Ғылым қорының портфелінен перспективалы ғылыми жобалар ұсынылды.
Кездесу барысында «Ғылым Қоры» Басқарма төрағасы Камиль Акатов ШЫҰ технологиялар трансфері орталығының директоры Чжао Чжунюанды Ғылым қорының қызметімен таныстырды.
Кездесуде гетероқұрылымдық күн батареялары негізінде күн модульдерін өндіру, физика-техникалық институтының ванадий ағынды аккумуляторлары үшін аралас ванадий оксидтерін алу технологиясын әзірлеу, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер мен ғылымды қажет ететін технологиялар" ҒЗИ термоэлектрлік модульдер мен натрий-ионды батареялар үшін нанокомпозиттік материалдар өндіру, сондай-ақ "Adele Energy Qazaqstan"ЖШС электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын жаңғырту жобаларына ерекше назар аударылды.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат