Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыОСК орталығында Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды El.kz.
"Жаңа ғана ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мырзамен кездестім. Бұл бүгіннен бастап Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауды бақылаушылар миссиясы өз жұмысын бастады деген сөз", — деді бас хатшы.
Сондай-ақ, ол Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекет екенін және Қазақстан тарапынан шақыру алған бойда барлық мүше мемлекеттерге сауал жолданғанын тілге тиек етті.
" ШЫҰ-ның барлық мүшелері өтініштерді қабылдап, миссияны қолдауға дайын болды. Мен бұл миссияны өзім басқарамын және біздің миссия аясында 18 байқаушы аккредиттелген, оның ішінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер отбасының заң шығарушы, атқарушы және сайлау органдарының өкілдері бар. Миссия мүшелері, бақылаушылар өз жұмысын саяси объективтілік, бейтараптық, ішкі істерге араласпау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, дербес жүргізеді", — деді Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин.
Миссияны адал және саналы түрде орындауға дайын екенін білдірді.
"Біз Қазақстан халқының жақсы болашағын күтеміз. Осыған байланысты біз Қазақстанда бейтарап және ұтымды процесті қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен ОСК ШЫҰ миссиясын жүзеге асыруда көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Алдағы күндері біздің миссияның барлық мүшелері Астана қаласы мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерін аралайды", — деп тілге тиек етті.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды