7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарын дайындау барысын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған бекітілген негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ШЫҰ-ның ағымдағы қызметінің мәселелерін талқылады.
Тараптар ШЫҰ елдері көшбасшыларының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын, оның ішінде Астана декларациясын, ШЫҰ-ның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастамасын және ШЫҰ-ны дамыту мәселелері бойынша бірқатар стратегиялық құжаттарды егжей-тегжейлі қарады.
Астанадағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің алдағы отырысы ұйымның бірлігін, ШЫҰ-ны жетілдіру жөніндегі байсалды, ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысқа бірыңғай көзқарасты, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлер саласында өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін құруды тағы да растайды. Саммитке дейінгі қалған күндерде барлығымыз Астанада өтетін осы тарихи кездесудің жоғары мазмұнды және ұйымдастырушылық деңгейде өтуі, оның қорытындылары ШЫҰ-ның жалпы тарихының жаңа бетін ашуы, өзара тиімді көпжақты іс-қимыл форматын неғұрлым жоғары деңгейге шығаруы үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, - Қазақстанның Ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев атап өтті.
Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық ету басымдықтарын одан әрі іске асыру үшін тығыз диалогты жалғастыруға уағдаласты.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?