Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай секілді барлық мүше елдердің киноиндустрия өкілдері қатысты. Қазақстан бұл алаңда ұлттық киноның жоғары даму деңгейі мен кинематография саласындағы маңызды жетістіктерін көрсетті.
Қазақстан стендінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының киножобалары ұсынылды.
Бұл алаң қазіргі қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық әралуандығын айқын көрсетіп, жергілікті аудиториядан бөлек, халықаралық көрерменге де бағытталғанын дәлелдеді.
Көрмеде халықаралық аудиторияға арналған бірқатар жобалар ұсынылды. Стендте «Қайтадан», «Осенний бриз», «90+1», «Ұлы дала тынысы», «Капитан Байтасов» және басқа да фильмдердің постерлері бар.
Көрермен Кино орталығы және киностудияның қолдауымен түсірілген көркем, деректі және анимациялық бағыттағы шамамен 25 фильмнің трейлерін тамашалай алады.
Іс-шара аясында кино саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесі де ұйымдастырылды.
Экспозицияда виртуалды түсірілім, цифрлық постпродакшн және дыбыс жазудың инновациялық әдістері сынды заманауи технологиялар ұсынылды.
Фестиваль аясында өткен Кино ынтымақтастығы форумы ұйымдастырылды.
Форумға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы киножобаларды ілгерілету бөлімінің бас менеджері Гүлнұр Қожахметова қатысты.
Ол өз сөзінде Орталықтың қызметі мен мемлекет тарапынан киногерлерге көрсетілетін қолдау туралы сөз қозғады. Жас режиссерлерді қолдау, авторлық және жанрлық киноны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, соңғы 6 жылда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталығының қолдауымен 117 киножоба жүзеге асты. Олардың қатарында 72 көркем фильм, 37 деректі және 8 анимациялық жоба бар.
Отандық фильмдер 280 халықаралық кинофестивальге қатысты. Нәтижесінде 157 марапатқа ие болды.
Қазақстанның ШЫҰ елдері кинофестиваліне қатысуы мәдени алмасуды тереңдетуге халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және кинематография арқылы халықтар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтуға септігін тигізеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды