Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПәкістан премьер-министрінің бастамасымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің көлік ведомстволары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өтті. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қатысушылар өз елдерінің инфрақұрылымдық жоспарларын ұсынып, ШЫҰ-ның бүкіл өңірінің көліктік өзара байланысын одан әрі нығайту бойына өз ойларын ортаға салды.
Кеңес барысында өзара байланысты дамыту және тиімді көлік дәліздерін құру мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы тұжырымдамасының мемлекет басшылары бекіткен маңыздылығы атап өтілді, - делінген мәліметте.
Бұдан басқа, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ірі стратегиялық порттары мен логистикалық орталықтарының әріптестік желісін құру және оның жұмыс істеуі тұжырымдамасының жобасын келісу, сондай-ақ көлік секторын дамытуды талқылау және проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін көлік жөніндегі арнайы жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әлемдегі ірі және перспективалы ұйымдардың бірі болып табылады. ШЫҰ елдерінің жалпы аумағы Еуразия аумағының 65% құрайды, халықтың жалпы саны планета халқының жартысына тең.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары